Қазақстан темiр жолы


Шу теміржол вокзалы туралы жалпы ақпарат
 

Шу теміржол вокзалының негізгі мақсаты халықтың жолаушылар тасымалына қажеттілігін қамтамасыз ету, теміржол көлігін пайдалану кезіндегі жолаушылардың қауіпсіздігі, қажетті ыңғайлылықтар, қызмет көрсетудің жоғары мәдениеті болып табылады. 

Құрылымдық ерекшеліктері:

Шу теміржол вокзалы орындалатын жұмыстардың көлемі бойынша 1-класқа жатады, тікелей және жергілікті қатынастардағы барлық бағыттарға жолаушылар поездарын жөнелтудің негізгі пункті болып табылады.

Вокзал ғимараты 1989 жылы салынған.

Шу вокзалының ғимараты - төрт қабатты.

Вокзал ғимаратының жалпы ауданы - 7 035,67 ш.м.

Соңғы күрделі жөндеу 2013 жылы жүргізілді.

Шу станциясында 2 қабылдап, жөнелту жолдары бар.